jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бокстан "Странджа" турнирі: Махмұд Сабырхан жарысқа қатыспайтын болды

Махмұд Сабырхан
Махмұд Сабырхан. Фото: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

Бокстан Болгарияда өтіп жатқан "Странджа" турнирінде Махмұд Сабырхан өнер көрсетпейтін болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Махмұд Сабырхан (54 килограмм) дәрігер шешімімен "Странджа" халықаралық турнирі аясындағы бүгінгі жекпе-жегіне шықпайды. Медициналық анықтама: "Тағамдық инфекция. 3 наурызға дейін жарыстарға қатыспайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін бокстан ұлттық құрама көшбасшылары 24 ақпан мен 2 наурыз аралығында Болгарияда өтетін "Странджа" турнирінде бақ сынайтынын хабарлаған едік.

Биыл ұлттық құрама қатарына бірнеше жаңа есім қосылған. Олардың арасында жастар арасындағы әлем чемпионы Төрехан Сабырхан, ұлттық құрамаға қайта оралған Абылайхан Жүсіпов және тағы да басқа боксшылар бар.

Бокстан "Странджа" турнирі: Махмұд Сабырхан жарысқа қатыспайтын болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.