jitsu gif

1 наурыздан бастап Шамалған стансасы маңында қозғалыс өзгереді

белгі
Жол. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

1 наурыздан бастап Шамалған стансасы маңында қозғалыс өзгереді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ республикалық маңызы бар KAZ01 "Астана - Қарағанды (айналма жол) - Алматы" автожолының "Шамалған стансасының айналма жолының" 2453-2446 шақырым (42-49 шқ) аралығындағы учаскесінде құрылыс жұмыстарының аяқталуына және қолданысқа берілуіне байланысты жол пайдаланушыларға өзгерістер туралы келесіні хабарлайды.

2025 жылғы 1 наурыздан бастап "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ хаты негізінде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жібек жолы елдімекені арқылы өтетін аталған автожолдың 2448+900 шақырымында (46+100 шақырым) орналасқан теміржол өткелі жабылады.

Көлік құралдарының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жаңа айналма жол ұйымдастырылды.

Барлық қажетті жол белгілері мен қозғалысты реттейтін құралдар орнатылды", - делінген хабарламада.

Жол сызбасы
Жол сызбасы. Скриншот: "ҚазАвтоЖол"

Айта кетейік, бұған дейін "ҚазАвтожол" 1 наурыздан бастап еліміздің 8 өңірінде жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік құралдарының қозғалысына уақытша шектеу қойылатынын хабарлаған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.