jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Өскеменде шақалағын қоқысқа тастаған ана ұсталды

Қоқыс контейнерлері
Қоқыс контейнерлері. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өскеменде қоқыс зауытынан жаңа туған шақалақтың денесі табылды. Жарық дүние есігін ашпай жатып шетінеп кеткен бейкүнә сәбиді жұмысшылар тауып алған, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Көп ұзамай бауыр еті баласын тастап кеткен көкек-ана ұсталды. 44 жастағы келіншек жалдамалы пәтерде ешқандай медициналық көмексіз босанған. Жүкті кезінде есепке де тұрмаған. Қазір бес баланың анасы алтыншы нәрестесінің өлі туылғанын айтып ақталып отыр. Сондықтан ол сәбидің денесін ауладағы қоқыс жәшігіне тастаған. Қазір күдікті медициналық тексерістен өткізу үшін ауруханаға жеткізіліп, бала өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел іздестіру шаралары барысында баланың анасы табылды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп пікір білдірді ШҚО ПД баспасөз хатшысы Гүлнұр Түсіпова.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Өскеменде шақалағын қоқысқа тастаған ана ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.