jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

8 наурызда қазақстандықтар қалай демалады

Гүл шоғы. Көрнекі сурет
Гүл шоғы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Наурызда Қазақстанда Халықаралық әйелдер күні тойланады, яғни тұрғындарға қосымша демалыс күні беріледі. 8 наурызда азаматтар қалай демалатынын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Биыл 8 наурыз сенбіге түсіп тұр. Бұл бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар үш күн қатарынан – 8, 9 және 10 наурызда демалады деген сөз.

Ал алты күн жұмыс істейтіндер тек 8-9 наурыз демалады, 10 наурыз – жұмыс күні болмақ.

Айта кетейік, БҰҰ-ның ресми сайтында хабарланғандай, Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) бүкіл әлемде тойланады. Бұл күні жұртшылық ұлттық шекараларға немесе этникалық, тілдік, мәдени, экономикалық және саяси ерекшеліктерге қарамастан, әйелдердің жетістіктерін атап өтеді.

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу идеясы алғаш рет ХХ ғасырдың басында индустриалды әлем экспансия мен сілкініс кезеңін, халық санының өсуі мен радикалды идеологиялардың пайда болуын бастан өткерген кезде пайда болды, деп жазады Calend.ru сайты.

Еске салсақ, бұған дейін 2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда, 14 күн демалатынын жазған едік.

Сондай-ақ қала әкімдіктері Алматы мен Астана тұрғындарына 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай төлем берілетін-берілмейтінін айтқаны туралы жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Қарағанды облысында 8 наурыз мерекесіне орай біржолғы төлем берілетінін жаздық.

8 наурызда қазақстандықтар қалай демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.