jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Наурыз жұмыскер" бағдарламасына кім қатыса алмайды: "Отбасы банктің" төрайымы жауап берді

қолына каска ұстаған жұмысшы
Каска. Көрнекі фото: pixabay.com

"Отбасы банк" акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова "Наурыз жұмыскер" бағдарламасына кім қатыса алмайтынын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Ләззат Ибрагимованың айтуынша, "Наурыз жұмыскер" бағдарламасы бойынша жұмысшы мамандық иелерінен бөлек өтінім қабылданады.

Бұл бағдарламада бірінші кезекте тау-кен, қайта өңдеу, өнеркәсіп мамандығының жұмысшыларына басымдық беріледі.

"Сондай-ақ энергетика, көлік, ауыл шаруашылғы және су ресурстары мамандықтарына баса мән беріледі. Осыдан кейін өтінім берушінің шынымен жұмысшы мамандығының өкілі екенін анықтаймыз. Яғни, технолог, сынама алушы, жүргізуші деген сияқты кәсіп иелері болуы керек. Аталған салалардың ұйымдарындағы кеңсе менеджері, бухгалтер, PR-менеджер болып жұмыс істейтін адамдар "Наурыз жұмыскер" бағдарламасына қатыса алмайды", - деді Ләззат Ибрагимова сенатта өткенг парламенттік тыңдауда.

Сондай-ақ ол бағдарлама бойынша берілетін несиенің ең жоғары сомасын атады.

"Тексеруден кейін өтінім иесі пәтер таңдай алады. Астана, Алматы қалаларында ең жоғары сома 36 млн теңге болып белгіленді. Қалған өңірлердің облыс орталықтарында 30 млн теңге болады.

Сатып алынатын пәтерді шаршы метр мен бағасы нақты қойылған Baspana Market порталынан таңдап алу керек болады. Бұл аталған пәтердің бағасы өсіп кетпеу үшін жасалып отыр. Егер, мысалы, теміржолшы Астанадан 80-90 шақырым жерде тұратын болса, өзі тұратын моно қалада немесе аудан орталығында пәтер алғысы келсе, бірақ онда бастапқы баспана болмаса, қайталама нарықтан алуына рұқсат беріледі. Сондай-ақ пәтер әрленген болса, алғашқы жарнасы 10 пайызға дейін төмендетіледі", - деп түсіндірді Ләззат Ибрагимова.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін биыл "Наурыз жұмыскер" бағдарламасы іске қосылатынын, өтінім қабылдау 17 наурызда басталатынын хабарлаған едік.

"Наурыз жұмыскер" бағдарламасына кім қатыса алмайды: "Отбасы банктің" төрайымы жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.