jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

АҚШ-та ұшақ қозғалтқышынан өрт шығып, шұғыл қонды (видео)

АҚШ-та қозғалтқышы өртке оранған ұшақ
АҚШ-та қозғалтқышы өртке оранған ұшақ. Кадр видеодан: x.com/mike__bova

FedEx жүк ұшағы әуеге көтерілген соң көп ұзамай Ньюарк Либерти (Нью-Джерси) халықаралық әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды Fox News.

Телеарнаның дерегінше, қозғалтқыштың өртенуіне құспен соқтығысу себеп болған.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, оқиға кезінде қатты дыбыс естілген.

Қауіпсіздік мақсатында әуежайдың жұмысы уақытша тоқтатылды, бірақ кейінірек қайта жанданды. FedEx Индианаполиске бет алған Boeing 767 ұшағының әуеге көтерілуі кезінде құспен соқтығысқанын растады.

АҚШ-тың Федералдық авиация әкімшілігі (FAA) оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

АҚШ-та ұшақ қозғалтқышынан өрт шығып, шұғыл қонды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.