jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Біз - қазақстандықпыз": Оңтүстік Корея тұрғындары қазақ халқына алғыс айтты

Оңтүстік Корея тұрғындары. Кадр
Оңтүстік Корея тұрғындары. Кадр: 24.kz

Қазақстаннан өзінің тарихи отанына қоныс аударған Оңтүстік Корея тұрғындары қазақ халқына алғыс білдірді, деп хабарлайды 24.kz.

Бүгін қазақ халқына алғыс білдіргендер қатарында Қазақстаннан өздерінің тарихи Отаны – Корей Республикасына оралған қазақстандық корейлер де болды. Бұл елде 1 наурыз – мемлекеттік мереке, Тәуелсіздік қозғалысы күні. Корей халқының кейбір ұлттық батырлары 1937 жылы қазақ жеріне қоныс аударылып, қазақ халқының қолдауы арқасында аман қалған. Олардың қатарында Қызылордада өмір сүрген және сүйегі Оңтүстік Корея жерінде қайта жерленген генерал Хон Бом До мен ғалым Ге Бон У да бар. Бүгін қоғамдық ұйым мүшелері қазақ батырларының рухына тағзым етті.

1Қазақстандықтарға жасаған барлық жақсылығы үшін, қазақ жеріне қамқорлығы үшін зор алғысымызды білдіргіміз келеді. Өйткені қазір Қазақстаннан тыс жерде тұратын корейлер мақтанышпен және сенімді түрде "біз – қазақстандықпыз" деп айта алады. Әрине, Қазақстаннан тыс жерде тұратын корейлердің басты рөлі – Қазақстан мен Корея арасындағы көпір болу", - дейді Koryoin Global Network" қоғамдық ұйымының президенті Евгения Цхай.

"Біз - қазақстандықпыз": Оңтүстік Корея тұрғындары қазақ халқына алғыс айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.