jitsu gif

"Жасыратын ештеңеміз жоқ": Дәурен Абаев Ақтау маңындағы ұшақ апатының тергелуі туралы айтты

Ақтаудағы ұшақ апаты
Ақтаудағы ұшақ апаты. Фото: ҚР ТЖМ

Қазақстан Ақтаудағы ұшақ апатының әділ әрі ашық тергелуін қалайды. Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан елшісі Дәурен Абаев РИА Новости агенттігіне айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жасыратын ештеңеміз жоқ. Біз әділ, ашық және транспарентті зерттеуді қалаймыз", - деп мәлім етті Абаев.

Қазақстандық елші тергеу Халықаралық азаматтық авиация стандарттарына сай жүргізіліп жатқанын мәлім етті. Ал Әзербайжан, Ресей және Бразилия тергеу қатысатын уәкілетті тұлғаларды тағайындады.

Қазақстан Көлік министрлігінің жарияланған есебі алдын ала сипатқа ие және әлдебір тараптың кінәсін немесе жауапкершілігін білдірмейді. Ведомство хабарлағандай, соңғы есепті "Опубликованный отчет Министерства транспорта Казахстана носит предварительный характер и не предполагает установления чьей-либо вины или ответственности. жылғы желтоқсанға қарай жариялауы мүмкін. Бұл мерзім ICAO ұсынатын талаптарға, стандарттарға және тәжірибеге сай. Айта кету керек, ICAO алдын ала есептің сапасы мен деңгейін жоғары бағалады, деректердің айқын көрсетілгенін, егжей-тегжейлігін және ақпараттың толықтығын атап өтті", - деді Дәурен Абаев.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.