jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

ШҚО-да құсбегілікпен айналысатын өрт сөндіруші туралы не білеміз (фото)

Дархан Абзалов
Дархан Абзалов. Фото : ШҚО ТЖД

ШҚО-ның Глубокое ауданында бос уақытында қазақтың ежелгі дәстүрлерінің бірі – құсбегілікпен айналысатын өрт сөндіруші тұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.

ТЖД-ның мәліметінше, құсбегілікпен айналысатын өрт сөндіруші – Глубокое ауданының Алтай ауылындағы №21 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Дархан Абзалов.

Дархан Абзалов Төтенше жағдайлар қызметінде 2009 жылдан бастап қызмет етеді. Ол көптеген өрт сөндіру жұмысына қатысқан, олардың ең ірісі – 2024 жылғы элеваторда болған өрт.

Дархан Абзалов
Дархан Абзалов. Фото : ШҚО ТЖД

Қиын жұмыс күндерінен бос уақытта Дархан Абзалов өңірдегі тау-жоталарына шығып, "Қандықөз" атты бүркітімен аң аулайды.

Құсбегі болу өрт сөндірушінің қанында бар, оның арғы атасы да әйгілі аңшы болған. Жақында Дархан Түркістанда ұйымдастырылған чемпионатқа қатысқан, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында өткен Қазақстан Республикасының VIII чемпионатында өз шеберлігін көрсеткен.

Дархан Абзалов
Дархан Абзалов. Фото : ШҚО ТЖД

"Соңғы жылдары Қазақстанда құсбегілікке деген қызығушылық артты. Құсбегілер тек қана құстарды тәрбиелеп, кәсіби аңшылыққа үйретіп қана қоймай, ұлттық өнерді насихаттайды", - дейді Дархан Абзалов.

ШҚО-да құсбегілікпен айналысатын өрт сөндіруші туралы не білеміз (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.