jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Қар, көктайғақ, бұрқасын": еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қыс
Қар. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 4 наурызда еліміздің ірі үш қаласы мен 15 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қалың қар түсіп, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда түнде тұман болады деп болжанады. 

Түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Түнде Ұлытау облысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-18 м/с. Жезқазғанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз де таулы аудандарда қар жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.

Астанада кей уақыттарда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қарағанды облысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Қарағандыда да қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Түнде және күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қар жауады, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

"Қар, көктайғақ, бұрқасын": еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.