jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Ақтөбе облысында ірі қарадан жұқпалы ауру анықталып, карантин жарияланды

Ірі қара
Ірі қара. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтөбе облысындағы шаруа қожалығының бірінде ірі қарадан қарасан ауруы шығып, карантин жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, Ойыл ауданындағы шаруа қожалының бірінде сиырлардан қаупті вирус табылған.

Ветеринарлар Көптоғай ауыл округіндегі қожалыққа ғана әзірге шектеу шараларын қойған. Бұл қыстаққа мал кіргізіп-шығаруға тыйым салынды. Күйдіргі жұқтырған төрт сиыр бірден арам қатқан. Бұл қауіпті індет тек ірі қарада ғана кездеседі. Қарасан анықталған "Мәтжат" қожалығында қазір қырықтан аса аша тұяқты бар. Оны қорадан шығармай қамап ұстап отыр.

"Карантин жарияланды. Бүгінде эпидемияға қарсы мемлекеттік мекеме сауықтыру шараларын жүргізіп жатыр. Ауру белгілері: үш айдан үш жасқа дейінгі мал, яғни жас мал ауырады", - дейді Ақтөбе облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжанов.

Дереккөз: КТК

Ақтөбе облысында ірі қарадан жұқпалы ауру анықталып, карантин жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.