jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Болашақ" стипендиясы мен "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасына құжат қабылдау басталды

Кітапхананы аралап жүрген студент
Кітапханадағы студент. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда "Болашақ" стипендиясы мен "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасына құжат қабылдау басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ғылым және жоғарғы білім министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өтінім беру мерзімі:

  • "Болашақ" – 3 наурыздан 17 қазанға дейін (egov.kz порталы арқылы)
  • "Ғылыми тағылымдамалар" – 3 наурыздан 31 қазанға дейін (ХБО кеңсесінде, Астана)

Конкурстық іріктеу 2025 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында өтеді.

2025 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқу үшін 645 стипендия бөлінді. Оның ішінде магистратура бағдарламасы бойынша – 411 стипендия, докторантура/резидентура бойынша – 41 стипендия, тағылымдамалар бойынша – 193 стипендия.

Ғылыми тағылымдамалар бойынша 250 стипендия бөлінді.

Шетелде кадрлар даярлау кезінде инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға басымдық беріледі.

Мемлекет академиялық оқуға, тағылымдамадан өтуге, ұшуға, медициналық сақтандыруға, визалық алымдарға, оқулық материалдарын сатып алуға жұмсалатын шығындарды жабады, сондай-ақ ай сайын стипендия төлейді.

Толық ақпарат bolashak.gov.kz сайтында жарияланған.

Сұрақтар бойынша 8 (7172) 76-90-76 (ішкі 110, 113) нөміріне хабарласа аласыз немесе applications@bolashak.gov.kz поштасына хат жазсаңыз болады.

"Болашақ" стипендиясы мен "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасына құжат қабылдау басталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.