jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанның 9 өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады

дабыл құралы
Дабыл құралы. Көрнекі фото: Robert Deyrail / Contributor / Getty Images

6 наурызда Қазақстанның 9 өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады. Осы орайда ТЖМ өкілдері халықты үрейге бой алдырмауға шақырды, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ТЖМ-ның мәліметінше, 6-7 наурызда еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде органдарды су тасқыны кезеңі жағдайларында төтенше жағдайларды жоюға дайындау бойынша "Көктем-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 2-ші кезеңі өтеді. 

Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Қостанайда орналасады.

Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.

"Сонымен қатар "Баршаның назарына!" дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында еліміздің 9 өңірінде 2025 жылғы 6 наурызда сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Осыған орай тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір айын бұрын "Көктем-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 1-ші кезеңі оңтүстік және бастыс өңірлерде өткен еді

Қазақстанның 9 өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.