jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Бәсекелестікті қорғау агенттігі: Fly Arystan билет бағасын жасырын қосымша ақылар есебінен өсірген

FlyArystan
FlyArystan ұшағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өкілдері Fly Arystan әуе тасымалдаушысының үстем жағдайды теріс пайдаланғанын анықтаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ агенттіктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, талдау барысында авиабилеттердің құны брондау кезінде автоматты түрде қосылатын жасырын қосымша ақылар есебінен өскені белгілі болды.

"Авиатасымалдаушы әуе билеттерін сату кезінде транзакция үшін комиссия алу арқылы әуе билетінің құнын арттырған. Бұл "drip pricing" деп аталады, демек, бағаны "тамшылап өсірген". Негізінен еуропалық заңнамада бұған мүлде тыйым салынған. Біз осы фактілерді анықтап, авиатасымалдаушыға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы хабарлама жолдадық. Ол кейіннен орындалды", - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров БҚДА алқа отырысында.

Қазіргі уақытта агенттік ішкі әуе тасымалы нарығына қатысты монополияға қарсы талдау жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Бәсекелестікті қорғау агенттігі: Fly Arystan билет бағасын жасырын қосымша ақылар есебінен өсірген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.