jitsu gif branding logo appbranding logo app

Астана әкімдігі қаланың ең сұлу әрі жас мұғалімдері арасында байқау өткізбек

Ұстаз
Ұстаз. Нейрожелімен жасалған сурет: NUR.KZ

Астана қаласының Білім басқармасы "Ең сұлу жас ұстаз Астана-2025" онлайн фотобайқауын өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында салынған білім беру ұйымдарында жас педагог мамандар жұмысқа көп орналасқан.

Осыған сәйкес жаңа заманауи мектепте алғаш ұстаздық қызметін бастаған педагогтардың ынтасын арттыру мақсатында, яғни мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдай отырып, "Ең сұлу жас ұстаз Астана-2025" фотобайқауы ұйымдастырылып отыр.

Байқау онлайн дауыс беру форматында Астана қаласы Білім басқармасының bilimastana парақшасында өтеді.

"Ең сұлу жас ұстаз Астана-2025" фотобайқауына қатысу үшін әрбір жайлы мектеп атынан қатысатын бір педагог ұстаз кейпінде түскен сапалы суреттері және педагогика саласындағы жеткен жетістіктерін көрсете отырып, 87472005296 WhatsApp нөміріне жолдауы қажет.

Айта кетерлігі, сурет ұстаз кейпін көрсететін сапалы нұсқада түсірілуі қажет.

Байқау 6 наурыз күні басталып, 8 наурыз күні сағат 15.00-де аяқталады. Ең көп дауыс жинаған педагог "Ең сұлу жас ұстаз Астана-2025" байқауының жеңімпазы атанып, арнайы сыйлыққа ие болады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.