jitsu gif branding logo appbranding logo app

Маңғыстау облысындағы мектептерде жалған құжатпен жұмыс істеген педагогтер анықталды

Мектеп сыныбы
Мектептегі сынып: freepik.com

Бйнеу ауданы прокуратурасы жалған куәлікпен жұмысқа орналасқан педагогтерді анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңғыстау облыстық прокуратурасының хабарлауынша, білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінде педагогтердің кәсіптік даярлықтан өту куәліктерінің жалған екені анықталған.

Мысалы, Ә. есімді педагог 2024ж. наурыз айында SDU университетінің (Алматы қаласы) "Арнайы педагогика" мамандығы "логопед-дефектолог" біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдалану арқылы мектепте "педагог-психолог" лауазымында жұмыс істеген.

Прокуратура мәліметінше, осыған ұқсас деректер аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы алты педагогтен анықталды.

Аталған әрекеттер үшін сот үкімімен жеті педагог Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, айыппұл жазасы тағайындалды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.