jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Декретке миллионмен" шығу жолын үйрететіндер қалай тексеріледі: еңбек вице-министрі түсіндірді

Ноутбук және калькулятор.
Ноутбук және калькулятор. Көрнекі сурет: krisanapong detraphiphat/Getty Images

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов желіде "декретке миллионмен" шығару жолын үйрететіндер қалай тексерілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазіргі таңда Instagram, Facebook және басқа да әлеуметтік желілерде кейбір кәсіпкерлер мен декреттік демалысқа шығуды жоспарлап отырған адамдарға әлеуметтік төлемдерді көбірек алу үшін "ресми" түрде еңбек шарттарын қалай жасау керегін үйрететін кеңестердің артқанын байқаймыз, - дейді вице-министр.

Басылымның хабарлауынша, бұл схема бойынша адам декретке шықпас бұрын өзінің атындағы немесе танысының жеке кәсіпкерлігі (ЖК) немесе ЖШС арқылы "жұмысқа" орналасып, жоғары жалақы көрсетеді. Соның негізінде ол мемлекеттен үлкен көлемде әлеуметтік төлем алады. Бүгінгі таңда декреттік төлемді заңсыз жолмен алған 113 қазақстандыққа қатысты іс қозғалған.

"Мұндай жағдайларды анықтау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Салық комитеті мәліметтерді салыстырып, күмәнді әрекеттерге тексеріс жүргізеді. Сонымен қатар салық органдары кәсіпкерлердің есебін, салық төлемдерін және басқа да мәліметтерді талдап, заң аясында бақылау жүргізіп отыр", - дейді Ақмәди Сарбасов

"Декретке миллионмен" шығу жолын үйрететіндер қалай тексеріледі: еңбек вице-министрі түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.