jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Аралды қалай құтқаруға болады: министрлік өкілі үш бағытты атады

Арал теңізі
Арал теңізі. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Су ресурстары және ирригация министрінің орынбасары Нұрлан Алдамжаров Арал теңізін құтқару бойынша Қазақстанның баса назар аударатын үш бағытты атады, деп хабарлайды kazinform.kz.

"Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қор Орталық Азиядағы негізгі өңірлік органдардың бірі. Қор құрылғалы трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселелерін реттеуде, сондай-ақ Арал теңізі бассейніндегі экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде өңірлік ынтымақтастықтың маңызды институтына айналды. Ротация қағидаларына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан аталған қорға үш жыл бойы төрағалық етеді", - деді Нұрлан Алдамжаров дөңгелек үстелде.

Одан әрі вице-министр Аралды құтқаруға қатысты Қазақстанның төрағалығы аясында атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті. 

"Біріншіден, Орталық Азияның су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану үшін барлық елдің мүддесін ескере отырып, өзара тиімді және тұрақты өңірлік ынтымақтастық механизмін құру керек деп санаймыз. Екіншіден, Арал теңізі бассейнінде су ресурстарын есепке алу мен мониторинг жүргізудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін енгізу жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу маңызды.

Бұл суды пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етіп, Орталық Азия елдері арасындағы өзара сенімді нығайтады. Үшіншіден, даму жөніндегі халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты тереңдету бойынша шаралар қабылдау қажет, соның ішінде Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын (ПБАМ-4) және Орталық Азияның тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаны (РПООСУР) іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет", — деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, аталған бастамаларды жүзеге асыру ұлттық басымдықтарды орындауға және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. 

"Тек ынтымақтастық арқылы ғана өңірде су, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатынымызға сенімдіміз", — деп түйіндеді Алдамжаров.

Аралды қалай құтқаруға болады: министрлік өкілі үш бағытты атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.