Бүгін Қазақстанның ірі қалаларында қар мен жаңбыр жаууы ықтимал
Жарияланған күні:

Астана, Алматы мен Шымкенте 7 наурыз күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда қар жауады. Күндіз ауа температурасы 4 градусқа дейін көтеріліп, түнде 1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,2 м/с болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, аздап қар жауады. Күндіз ауа температурасы -2 градусқа дейін жетіп, түнде -13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,8 м/с болады.
Шымкентте бүгін қар мен жаңбыр болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 7 градусқа дейін жетіп, түнде 2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 10,8 м/с деңгейінде болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2226162-bugin-qazaqstannyng-iri-qalalarynda-qar-men-zhangbyr-zhauuy-yqtimal/