jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Екінші орында Түркістан облысы": елімізде қай өңірде қыз-келіншектер көп тұрады

қыздар
Қыздар. Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы әйелдердің саны және қай өңірде қыз-келіншектер көп тұратыны туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сүйенсек, Қазақстандағы әйелдер саны 10 381 377 адамды құрайды, бұл еліміздегі жалпы халық санының 51,1 пайызы. Соңғы он жылда әйелдер саны 15,2 пайызға өскен.

Әйелдердің 64,4 пайызы қалаларда, 35,6 пайызы ауылдық жерлерде тұрады.

Әйелдер саны бойынша өңірлер арасында Алматы алда келеді – 1,2 млн әйел. Екінші орында Түркістан облысы – 1 млн әйел, ал үшінші орында 803 мың аруы бар Астана тұр.

Соңғы он жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі елордада байқалған – 82,1 пайыз. Алматыда қыз-келіншектер саны 37,5 пайызға, Маңғыстау облысында 32,5 пайызға өскен.

Жас құрамы бойынша әйелдердің 3,3 миллоны 18 жасқа дейінгі жаста, 18-60 жас аралығындағылардың саны 5,3 млн және 60 жастан асқан апалар саны 1,7 млн. Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы 34,1 жасты құрайды.

Бүгінгі таңда 4,4 млн әйел әртүрлі салаларда жұмыс істейді, олардың басым бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында еңбектенеді.

"Екінші орында Түркістан облысы": елімізде қай өңірде қыз-келіншектер көп тұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.