jitsu gif branding logo appbranding logo app

Синоптиктер 8 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде дауыл тұратынын ескертті

жауын
Көрнекі фото: pexels.com

Ертең, халықаралық әйелдер күні еліміздің бірқатар облысында, сондай-ақ үш мегаполисінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

8 наурызда Жетісу облысында жауын-шашын күтіледі, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарындарында 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Талдықорған қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Атырау облысының шығысында көктайғақ, тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертен облыстың батысында тұман басады. Жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батытан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді.

Түнде Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың орталығында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20, облыстың орталығында 23 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында көктайғақ болады. Жел батыстан соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ тұман күтіледі. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Орал қаласында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел батыстан соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Түнде Жамбыл облысында жауын-шашын, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Тараз қаласында кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.

8 наурызда Абай облысының жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Семей қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Түнде Ұлытау облысында жауын-шашын, облыстың батысында, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын, облыстың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Жезқазған қаласында жауын-шашын, бұрқасын болып, түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с барады.

Түнде Қарағанды облысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын, бұрқасын, облыстың батысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанды қаласында жолдарда көктайғақ күтіледі.

Астана қаласында 8 наурызда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында қар, күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі.

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Шымкент қаласында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с барады. Түркістан қаласында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с жетеді.

Ақмола облысында күндіз батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы ықтимал. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Өскемен қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болуы мүмкін.

Түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

8 наурызда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, орталығында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Түнде Алматы облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, облыстың таулы аудандарында кей уақытта қатты қар күтіледі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.