Түнде Абай облысында жолдың жабылуына байланысты 100 жолаушы құтқарылды
Опубликовано:
Түнде Абай облысында жолдың жабылуына байланысты құтқарушылар 100 жолаушыға көмекке келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.
"Түнде Абай облысы "Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасының" автомобиль жолының учаскесі жабылуына байланысты құтқарушылар автобус жолаушыларына көмекке келді", - делінген хабарламада.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, құтқарушылар Аягөз қаласында уақытша орналастыру пунктіне 100 адам, оның ішінде 18 бала болған бес жолаушылар автобусын жеткізді. Медициналық көмек ешкімге қажет болмаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2226774-tunde-abai-oblysynda-zholdyng-zhabyluyna-bailanysty-100-zholaushy-qutqaryldy/