jitsu gif branding logo appbranding logo app

Астанада қолайсыз күн райына байланысты бірнеше рейс кейінге шегерілді

Ұшақ
Әуежайдағы ұшақ. Көрнекі фото: pexels.com

Астанада қолайсыз күн райына байланысты ұшуға жоспарланған 84 рейстің алтауы кейінге шегерілді. Бұл туралы әуежайдың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Рейстердің кешіктірілуіне күн райының қолайсыздығынан әуе кемелерінің кеш келуі себеп болған.

"Ұшып келуге жоспарланған 86 рейстің 8-і дәл осы себеппен кешіктірілді. Әуежай штаттық режимде жұмыс істейді. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында перрон мен ұшу-қону жолағын тазалау жұмыстары үнемі жүргізіледі. Әуеайлақтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін 23 мамандандырылған техника пайдаланылады", - дейді әуежайдың баспасөз қызметінің өкілдері.

Астана әуежайы жолаушыларға рейстердің күйін және кестедегі ықтимал өзгерістерді

  • Авиакомпаниялардан
  • Әуежайдың ресми сайтынан: www.nn-airport.kz
  • Тәулік бойы жұмыс істейтін әуежайдың байланыс орталығы бойынша: 8 (7172) 702-999 тексеруді сұрайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Астанада қар жауып, күн суытатынын хабарлаған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.