Қазақстан мегаполистерінің бірінде бүгін қар жауса, енді бірінде күн 14 градусқа дейін жылынады
Опубликовано:

Астана, Алматы мен Шымкенте 11 наурыз күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 9 градусқа дейін көтеріліп, түнде -4 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с болмақ.
Астанада синоптиктер болжамынша, аздап қар жауады. Күндіз ауа температурасы -1 градусқа дейін жетіп, түнде -8 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,2 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ала бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 14 градусқа дейін жетіп, түнде 1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,4 м/с деңгейінде болмақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2226867-qazaqstan-megapolisterining-birinde-bugin-qar-zhausa-endi-birinde-kun-14-gradusqa-deiin-zhylynady/