jitsu gif

Марқұм Табылды Досымовтың "Волга" көлігі реставрациядан өткізіледі (фото, видео)

марқұм Табылды Досымовтың "Волга" көлігі
Марқұм Табылды Досымовтың "Волга" көлігі. Фото: facebook.com/people/Дарын-Шамұратов

Қазақтың тұңғыш бард ақыны, марқұм Табылды Досымов мінген "Волга" көлігі реставрациядан өткізіледі. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Биыл қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың туғанына 60 жыл толады. Осыған орай, облыс әкімі Серік Жамбылұлының тапсырмасымен ақын мінген "Волга" автокөлігі реставрациядан өтетін болады.

Бұл игі істі Қайрат Талапұлы Нұртаевпен бірге жүзеге асырудамыз.

Табылды Досымовтың мұрасы – халқымыз үшін аса қымбат. Ақынның шығармашылығын дәріптеу, оны болашақ ұрпаққа жеткізу – ортақ парызымыз", - деп жазды Дарын Шамұратов Facebook парақшасында.

Табылды Досымов — Атырау облысы Индер ауданының тумасы. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген.

Kazinform агенттігінің жазуынша, Табылды Досымов қазақтың талантты ақындары Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Есенғали Раушанов, Светқали Нұржановтың өлеңдеріне бірнеше ән жазған. Сөзін де, әнін де өзі жазып, гитарамен орындаған төл шығармалары көп.

Қазір танымал композитордың "Ұнатамын мен сені", "Биіктік", "Сәйгүлік" әндері жиі орындалады. Қазақтың тұңғыш бард ақыны 45 жасында өмірден өтті. 

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.