jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"7 жыл бойы ауырған": шымкенттік ана баласына бір бүйрегін берді

Ота бөлмесі
Ота жасап жатқан дәрігерлер. Көрнекі сурет: pixabay.com

№1 клиникалық аурухана базасында өткен операцияда 41 жастағы келіншек 21 жастағы ұлына бір бүйрегін берді. Операция сәтті өтіп, донор мен рецепиент палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды kazinform.kz.

Екеуінің де жағдайы жақсы, денсаулықтарында ақау жоқ. 

"Бүйрегі алмастырылған рецепиент 7 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауырып келген. Соңғы 1,5 жылда гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Жігіт аз уақытта қалыпты өміріне қайта оралады",- дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, бүгінге дейін №1 қалалық клиникалық ауруханасында 231 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалды.

Бұған дейін қаңтар айында Алматыда жүрек трансплантациясы жасалғанын жазған болатынбыз. 6 сағатқа созылған күрделі операция University Medical Center-мен бірлесіп белгілі кардиохирург Юрий Пяның жетекшілігімен жасалған.

"7 жыл бойы ауырған": шымкенттік ана баласына бір бүйрегін берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.