Зектілері

"Қар, бұрқасын, тұман": Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жарияланған күні:

қар басып қалған шырша
Қар басып қалған шырша. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер ертең, 12 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде күн райы бұзылатынын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың шығысында, орталығында 15-20 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде қар күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с дейін жетеді. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. 

12-17 наурызда күндіз 5-10 градустан 15-20 градусқа дейін күн жылынады деп күтілуде.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

12 наурызда Ұлытау облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жезқазғанда тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады. Оралда тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 17-22 м/с болады. 

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысында күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз областың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. 

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман болуы ықтимал.

Алматыда түнде және таңертең кей уақытта әлсіз тұман күтіледі. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2227185-qar-burqasyn-tuman-qazaqstannyng-basym-boliginde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhasaldy/