jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Тоқаев Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты жақындарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты оның жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, "Отырар сазы" ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 11 наурызда атақты күйші, композитор, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, талантты актриса Дариға Тілендиеваның өмірден өткені белгілі болды.

Дариға Тілендиева "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген "Алты жасар Алпамыс", "Құлагер", "Ақ машина", "Жамбылдың жастық шағы", "Қоштасқым келмейді" және тағы басқа көркем фильмдері арқылы, ұлттық кино өнерінде өшпес із қалдырды.

Тоқаев Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты жақындарына көңіл айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.