jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Ондай әрекет сауапқа емес күнәға жетелейді": ҚМДБ ауызашар өткізу әдебіне қатысты мәлімдеме жасады

құрма
Құрма. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ауызашар өткізу әдебіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қасиетті Рамазан – мұсылман баласын рухани тәрбиелеп, қарапайымдылық пен кішіпейілдікке баулып, дәулетті мен мұқтаждың арасын жақындастыра түсетін ай. Бұл айда жасалатын әрбір жақсылықтың сауабы еселенеді. Сондай-ақ мұқтажға қол ұшын беру – үлкен сауапты іс. Сол сауапты істің бірі – аузы берік жанға ауызашар беру.

Өкінішке қарай, соңғы кездері еліміздегі бірқатар мейрамхана, кафе мен дәмхана иелері ауызашар мәзірінің бағасын өте жоғары ұсынып, халық арасында түсінбеушіліктің туындауына себепші болуда.

Асыл дініміз ауызашар дастарқанында ас та төк ысырапқа жол беруге, дастарқан жасауда бәсекелесуді құптамайды. Ондай әрекет сауапқа емес күнәға жетелейді. Ауызашар дастарқаны қарапайымдылыққа негізделуі тиіс. Қасиетті Құранда: "... ішіңдер, жеңдер, алайда ысырапқа жол бермеңдер. Өйткені Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді" делінген ("Ағраф" сүресі, 31-аят).

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мейрамхана, кафелер мен тамақтану орындарының иелеріне халыққа қолжетімді қарапайым ауызашар мәзірін ұсынуға шақырады", - делінген ҚМДБ хабарламасында.

Айта кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы 29 күнге созылады.

Наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі.

Пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.