jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

100-ге келген анасына еркелеген ақсақал желіде көптің ықыласына бөленді (видео)

анасы мен баласы
Анасы мен баласы. Видеодан кадр: instagram.com/vkusnounas/

Желіде егде жастағы қарияның анасына еркелеп отырған сәтінен бейнежазба тарады. Ана мен бала махаббаты көпті сүйсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісіндегі видео авторы әжесінің 100-ге келгенін жазды.

"Осылай анаңыздың 100 жасын тойлауды нәсіп етсін. Бес мезгіл намазын қаза қылмаған апам менің, бізді жақсы тәрбиеледі. Отбасымызда бәріміз тура жолдамыз шүкір, баласын ғұсылсыз емізбеген аппақ әжемнің тәрбиесі", - деп жазды желі қолданушысы.

Желі қолданушылары видеоға пікір қалдырып, қарияларға ыстық ықыласын білдіріп, тілектерін жаудырды.

"Қандай бақытты жандар! Маған жұғысты болсыншы!", "Мен де бала-шағаммен осылай отыруды жазсын, әмин!", "Құдай маған да осылай балаларыммен отыруымды нәсіп етсін, әумин!", "Көріп бір жылап алдым ғой, менің де анашым осылай жүргенде ғой", - деп жазды олар.

100-ге келген анасына еркелеген ақсақал желіде көптің ықыласына бөленді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.