jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Қар, тұман, көктайғақ": еліміздің қай өңірінде күн бұзылуы мүмкін

тұманды күн
Тұманды күн. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ертең, 13 наурызда Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райы болуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Ұлытау облысында түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Жолдарда көктайғақ болады.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні - 17-22 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

Қостанай облысында облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман.

Атырау облысының батысында тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда секундына 23 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде облыстың солтүстік-батысында  жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

"Қар, тұман, көктайғақ": еліміздің қай өңірінде күн бұзылуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.