jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ЖЖ
Жанар Жансеит
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан мейрамханалары ас мәзіріне ұлттық тағамдарды қоспайды

: UGC

Қазақтың ұлттық тағамдары мейрамханалардың ас мәзірінен ойып тұрып орын алуы тиіс. Астанада тұңғыш рет өткен Ұлттық тағамдар фестивалін ұйымдастырушылар осылай дейді.

Елордада басталған шара енді республиканың басқа да аймақтарында жалғаспақ.  Мақсат – қазақ халқының ұлттық тағамдарын дәріптеуге шақыру. Әзірге 17 мейрамхана ғана өз мәзірін ұсынып отыр. Енді  фестиваль қатысушыларына қазақтың ұлттық тағамдарын заманауи үлгіде дайындау міндеттелмек.

Тұңғыш рет ұйымдастырылған фестивальде алдымен қазақтың ұлттық тағамы – бесбармақ дайындалды. Аспаздар Астананың символы "Бәйтеректі" қой етінен, ал "Хан Шатырды" жылқы етінен арнайы жасапты.

Мейрамгүл Сатова, ұйымдастырушы:

- Қазақ ұлттық тағамдарының мәзірін дайындап жатыр. Сол мәзір бірте-бірте осы Астанадан бастап, одан Алматы, әрі қарай бірнеше ресторандарға ұсынылады. Ұлттық мейрамханалар өте аз, саусақпен санарлық.

Қазақ ұлттық тағамдарын ас мәзіріне қосқан мейрамханалар жоқтың қасы. Бұл әсіресе шетелдік меймандарды күту кезінде біраз қиындықтар туғызады. Якутияны мекендейтін шоро халқының әншісі Чылтыс – Астананың тұрақты қонағы. Қазақ халқының 70-тен астам ұлттық тағамы туралы сол жақта жүріп, естіген.

Чылтыс Тайнагашева:

-  Қазақ кухнясы көп керек. Все-таки иностранцы приезжают в Казахстан. И они именно хотят отведать казахскую кухню.

Чылтыс секілді жылда елорда тойына келетін шетелдіктерді қарсы алумен айналысатын мамандар да тағам мәселесінде біраз қиындықтардың барын айтады.

Шынар Сатыбалдиева:

- Шетелден бірнеше қонақтар келіп жатыр. Біз бірнеше рет онымен не істедік те. Өйткені мына жерде ресторанда, көріп отырсаңыздар, ашылып жатыр. Ол жерде ұлттық тағамдар аз.

Елордадағы Тұран даңғылында қаздай тізілген мейрамханалардың ішінде қазақ ұлттық тағамдарын дайындайтын бірде-бір мейрамхана жоқ. Ал биыл алғаш рет өткізіліп отырған шара ұйымдастырушылары ұлттық жобаларға үнемі қолдау көрсетіп жүрген "Билайн" компаниясының "ұлттық тағамы" деген атаумен ас дайындапты. Келесі жылдан бастап фестивальге қатысатын барлық мейрамхана тек қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлейді.

Қазақстан мейрамханалары ас мәзіріне ұлттық тағамдарды қоспайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.