jitsu gif branding logo appbranding logo app

Екібастұзда 140 ұпай жинаған түлекке кәсіпкер бес миллион теңге бермек

ҰБТ
Тест тапсырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Екібастұзда 140 ұпай жинаған оқушыға жергілікті кәсіпкер бес миллион теңге бермек, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Кәсіпкер Мереке Байжан былтыр қараша айында өңір мектептерінің бірінде пән олимпиадасында жетістікке жеткен 11-сыныптың екі оқушысына 30 мың теңгеден стипендия тағайындаған болатын.

Басылымның жазуынша, бұл жолы да ол тамаша бастамасымен түлектерді білімге ерекше талпындырмақ. Мереке Байжан биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 ұпай жинаған мектеп түлегіне бес миллион теңгенің сертификатын тапсырмақ.

Еске салсақ, 1 наурыз көктемгі маусымдағы ҰБТ басталды, ол 6 сәуірге дейін жалғасады. Тестілеуге қатысуға 163 мыңға жуық адам өтініш білдірген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.