jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Қатты жел тұрып, жауын жауады": 14 наурызда еліміздің әр өңірінде ауа райы қандай болады

Қатты жел
Қатты жел. Көрнекі сурет: Chalabala/Getty Images

"Қазгидромет" РМК ертең, 2025 жылдың 14 наурызында Қазақстанда күн райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктер антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде болатын жауын-шашынсыз ауа райы болатынын айтады.

"Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ғана фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, көктайғақ сынды ортақ табиғи құбылыс тіркеледі, солтүстікте жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да асады деп болжанады", - дейді "Қазгидромет" мамандары.

Астанада - аспан бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -8...-10°C, күндіз шамамен: 0°C.

Алматыда - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°C, күндіз: +11...+13°C.

Шымкентте - күн райы жауын-шашынсыз, аспан бұлтты. Ауа температурасы түнде: +2...+4°C, күндіз: +17...+19°C.

"Қатты жел тұрып, жауын жауады": 14 наурызда еліміздің әр өңірінде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.