jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

ШҚО-да 100-ден аса мұғалім іссапар төлемдерінен қағылған

мұғалім
Мұғалім. Көрнекі фото: pixabay.com

ШҚО-да мұғалімдердің іссапар шығыстары өтелді, деп хабарлайды облыстық прокуратурға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, ШҚО-ның Самар ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау барысында аудандағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне іссапар шығыстары төленбегенін анықтаған.

Белгілі болғандай, 171 мұғалімге ұзақ уақыт бойы заңмен қарастырылған іссапар төлемдері жүргізілмеген, жалпы сома 28 миллион теңгеден асқан.

"Мысалы, Самар ауылындағы мектептердің бірінің мұғаліміне 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы қаңтарға дейін 224 105 теңге мөлшерінде іссапар шығыстары төленбеген. Осындай жағдайлар ауданның басқа мектептерінде де болған.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде заңбұзушылықтар жойылып, барлық ұстаздарға тиісті төлемдер толық көлемде жүргізілді.

Облыс прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада.

ШҚО-да 100-ден аса мұғалім іссапар төлемдерінен қағылған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.