Зектілері

"15 жастағы қызды өгей әкесі еркінен тыс күйеуге берген": Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалды

Жарияланған күні:

Қалыңмал мәһірге жата ма
Көрнекі сурет: pixabay.com

"НеМолчиKZ" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі өзінің Telegram-дағы арнасында Қарағанды облысында өгей әкесі 15 жастағы қызды еркінен тыс күйеуге бергені туралы жазды. Аталған жайтқа өңірлік ПД пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"15 жастағы қызды өгей әкесі еркінен тыс 38 жастағы ер адамға "күйеуге берген". Қыздың ағасы бізге жүгінді: 5 күн бойы зорлық көрген қыз жүрек ауруымен ауыратын туған әкесіне қашып кете алған. Олар бірден арыз жазыпты", - деп жазды қоғам белсендісі.

Қарағанды облысы ПД хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

"Бұл қылмысқа қатысы бар барлық тұлға анықталып, тергелді. Тергеу аясында болған жайттың мән-жайын анықтау үшін қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201 бабына және тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жарияланбайды", - деп түсіндірді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салсақ, былтыр әлеуметтік желіде Түркістанда ер адам 15 жастағы қызды зорлағаны туралы ақпарат пайда болған. Аталған жайтқа қатысты да қылмыстық іс қозғалған.

Одан бөлек 2024 жылғы қыркүйекте 15 жасар атыраулық қыздың жыныстық зорлық-зомбылық көрген соң күйеуге еркінен тыс шыққаны туралы ақпарат тарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2228448-15-zhastagy-qyzdy-ogei-akesi-erkinen-tys-kuieuge-bergen-qaragandy-oblysynda-qylmystyq-is-qozgaldy/