Зектілері

Алдағы күндері еліміздің кей өңірлерінде 30 градусқа дейін жылы болады

Жарияланған күні:

Гүлдеп тұрған гүл
Гүлдеп тұрған гүл. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алдағы күндері Қазақстанның кей өңірлерінде ауа температурасы 30 граудсқа дейін көтеріледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде шуақты күн райы сақталады.

Тек еліміздің батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандарында циклон ойпатының әсерінен жауын-шашын түсіп (жаңбыр, қар), жел күшейіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, республика бойынша тұман күтіледі. Сондай-ақ кей өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай көтеріліп, күн жылынады.

Елдің солтүстігінде ауа температурасы түнде -3 градустан +5 градусқа дейін, күндіз +5-тен...+16 градусқа дейін, орталықта түнде -3 градустан +5 градусқа дейін, күндіз +5-тен...+20 градусқа дейін, шығыста түнде -7 градустан +5 градусқа дейін, күндіз +3-тен...+16 градусқа дейін, батыста түнде -5 градустан +5 градусқа дейін, күндіз +5-тен...+18 градусқа дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде +5-тен...+13 градусқа дейін, күндіз +22-ден +30 градусқа дейін көтеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2228658-aldagy-kunderi-elimizding-kei-ongirlerinde-30-gradusqa-deiin-zhyly-bolady/