jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қуандық Бишімбаев ісі бойынша судья Астанадағы шахмат турнирінде үздік деп танылды

Айжан Кульбаева
Айжан Кульбаева. Фото: astana.sud.kz

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының төрағасы Айжан Күлбаева Астанада өткен шахмат турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Елорда соттарының ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ҚР судьялар одағының Астана қаласы бойынша филиалы волейбол, үстел теннисі, шахмат және дойбы сияқты спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырды. Жарысқа cот әкімшілігінің, Әскери сотының, қалалық және аудандық соттардың командалары қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, жеңіске деген құлшыныс үшін бірқатар қатысушылар марапатталды.

"Әйелдер арасында I орын – Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айжан Кульбаева;  II орын – Астана қаласының ювеналды сотының төрағасы Лейла Зинашева", - делінген хабарламада.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.