jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Әскери инженерлер Ойыл өзеніндегі өткелді қалпына келтіру үшін Ақтөбе облысына аттанды (фото)

арнайы техниканы тиеу
Арнайы техниканы тиеген сәт. Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қонаев гарнизонындағы Қарулы күштердің инженерлік-саперлік бригадасының әскери қызметшілері Ойыл өзенінің бойындағы ауылдар арасына уақытша өткел салу үшін батыс өңірге аттанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, понтондық көпір элементтері теміржол платформасына тиелді.

"Оның ішінде екі үлкен тонналық автомобиль-понтондық көпір сегменттері бар көлік (КрАЗ-255Б), суда жүзетін транспортер және КамАЗ және КрАЗ базасында екі сүйреткіш-моторлы қайық бар. Техниканы майор Наурыз Төлеуовтың басшылығымен 58012 әскери бөлімінің 11 әскери қызметшісінен құралған топ алып жүреді. Мамандар байланыс құралдарымен және қосымша заттармен жабдықталған", - делінген хабарламада.

техника
Арнайы техника. Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Әскери инженерлер Ойылға келгеннен кейін тұрғындарды, техниканы, материалдық құралдарды және жануарларды тасымалдау үшін өткел жасайды.

Айта кетейік, өткен жылы әскери инженерлер Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 паром өткелін жабдықтаған. Оның көмегімен 362 рейс жасалды, 3 мыңға жуық адам эвакуацияланды, 1 380 астам техника мен 423 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Еске сала кетейік, өткен аптада Ойыл өзенінің бойындағы ауылдарды жалғап жатқан өткел бұзылған. Оның орнына уақытша өткел салынғанымен, ол көпке ұзамай қайта бұзылды.

Осыған байланысты көлік қатынасы тоқтатылды. Қазіргі таңда тұрғындарды қайық арқылы өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әскери инженерлер Ойыл өзеніндегі өткелді қалпына келтіру үшін Ақтөбе облысына аттанды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.