jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматыда Наурыз мейрамын тойлауға байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Наурыз тойы
Наурыз мейрамы. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Наурыз мейрамын тойлауға дайындық кезінде және мерекелік іс-шараларды өткізер уақытта көлік қозғалысына шектеу енгізіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы әкімдігі өкілдерінің мәліметіне сәйкес, 19-23 наурыз аралығында Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.

"Осыған байланысты сол күндері 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіледі. Бұл №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224 бағыттары", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері "Астана" алаңын шығыс бағытында Қабанбай батыр көшесі арқылы, батыс бағытта Бөгенбай батыр көшесі арқылы айналып өтуге болатынын еске салады.

Ал №16 және 126 бағыттар бұл аумақты Гоголь көшесі арқылы айналып өтеді.

Сонымен қатар 22 наурызда сағат 06:00-ден 11:30-ға дейін Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі Абай даңғылы уақытша жабылады.

Алматы қаласының әкімдігі тұрғындар мен қонақтарға жүрер жолды алдын ала жоспарлап алуды сұрайды.

Алматыда Наурыз мейрамын тойлауға байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.