jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Пайданың көбі кинотеатр иелерінде қалады": үкімет басшысы "е-кино" платформасын жедел іске қосуды тапсырды

Кинотеатр
Кинотеатр. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен үкімет отырысында креативті индустрияны дамыту және мәдениет пен өнер салаларын цифрландыру мәселесі қаралды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Былтыр қазақстандық кино өндірісі 58 пайызға өскен.

"Кассалық табысы ең жоғары 10 фильмнің арасында әрбір екінші таспа отандық өндірістің туындысы болды. Шетелдік және отандық картиналардан түсетін алым шамамен теңесті. Бұл көрермендердің ұлттық контентке деген қызығушылығының артып келе жатқанын білдіреді", - дейді Олжас Бектенов.

Премьер-министр мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда жобалар санын көбейтіп, тек пайда түсіруді ғана мақсат етпей, фильмдердің сапасына баса назар аударуды тапсырғанын атап өтті.

Сондай-ақ түскен ақшаның ашықтығын және авторлық құқықтың сақталуын қамтамасыз ететін "е-кино" платформасын жедел іске қосу қажет екенін айтты.

"Жақсы кино түсіру үшін көп қаражат керек. Мұндай қаражатты прокаттан түсіруге болады. Бірақ қазіргі уақытта фильмнен түсетін пайданың көбі кинотеатр иелерінде қалады. Сондықтан кино түсірушілер мен оны прокатқа шығарушылардың мүдделерінің тепе-теңдігін бекіту маңызды. Ол үшін түскен ақшаның ашықтығын және авторлық құқықтың сақталуын қамтамасыз ететін "е-кино" платформасын жедел іске қосу керек", - деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, жуырда Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық фильмдерге қатысты пікір білдірген еді.

Мемлекет басшысының айтуынша, жеке қаржыға түсірілсе де, фильмді кинотеатрға шығармас бұрын алдын ала сүзгіден өткізу жолдарын қарастырған жөн.

"Пайданың көбі кинотеатр иелерінде қалады": үкімет басшысы "е-кино" платформасын жедел іске қосуды тапсырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.