Зектілері

"Шаңды дауыл, көктайғақ, тұман": "Қазгидромет" ел тұрғындарына тағы да ескерту жасады

Жарияланған күні:

шаңды дауыл
Шаңды дауыл. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 19 наурызда қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің 13 өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұлытау облысында түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-18 м/с жетеді.

Павлодар облысында түнде және таңертең оңтүстігі мен шығысында тұман болады. 

Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз батысында және оңтүстігінде оңтүстік, оңтүстік-шығыстан 15-18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман болады. 

Ақтөбе облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Қостанай облысында батысында, солтүстігінде тұман болады. Облыстың шығысында оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Алматы облысында күндіз шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді. 

Атырау облысында түнде және таңертең оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ болады, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде тұман түседі. Түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, оңтүстігінде кейде 25 м/с жетеді. Күндіз 15-20 м/с, оңтүстігінде екпіні 25 м/с болады. 

Маңғыстау облысында күндіз оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстікке ауысатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2229155-shangdy-dauyl-koktaigaq-tuman-qazgidromet-el-turgyndaryna-eskertu-zhasady/