Зектілері

Ішкі істер министрлігінің өкілдері мопед жүргізушілеріне үндеу жасады

Жарияланған күні:

Мопед жүргізушісі
Мопед жүргізушісі. Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігі мопед иелеріне үндеу жасады. Оларға көлігін 5 сәуірге дейін тіркеп үлгеру керектігі айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қазақстандағы мопедшілерге көлігін тіркеуге екі аптадай ғана уақыт қалғанын ескертті.

"Естеріңізге сала кетейік, мопедтерді тіркеп үлгеру үшін екі аптадай ғана уақыт қалды. Заң бойынша 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедті басқаруға тыйым салынады. Мұндай құқық бұзушылық анықталған жағдайда Әкімшілік кодекстің 590-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапкершілік көзделеді", - деді ол.

Ведомство өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта республика бойынша 8527 мопед тіркелді. Ол көлікті қалау тіркеу керегін тағы бір еске салып өтті.

"Мопедті тіркеу үшін тұрғылықты жер бойынша арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжат (электронды түрі де жарайды), техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер қажет. Өтінішті толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, көлік құралын тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеу қажет. Тіркеуді кейінге қалдырмаңыздар! Өзіңіз үшін "жағымсыз жағдайлардан" аулақ болу үшін мопедті заң талаптарына сәйкестендіргеніңіз абзал", - деді департамент бастығы әрі ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2229246-ishki-ister-ministrligining-okilderi-moped-zhurgizushilerine-undeu-zhasady/