Зектілері

Таразда талдарды цифрландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Жарияланған күні:

Қанатбек Қайшыбекұлы қоқысты кәдеге жарату мәселелері жөніндегі отырыста
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысындағы 371 елді мекенде 163 тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны орналасқан. Оның 159-ы коммуналдық меншікте болса, төртеуі жеке кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға берілген. Сонымен қатар экология департаменті тарапынан кездейсоқ тұрмыстық қатты қалдықтардың орнын анықтау мақсатында "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның бағдарламасы арқылы ғарыштық мониторинг түсірілімі жүргізіліп, нәтижесінде 343 кездейсоқ қоқыс учаскілері анықталып, толық жойылған.

Сондай-ақ Тараз қаласы аумағындағы талдарды цифрландыру жұмыстары да қарқынды түрде жүзеге асуда. Жалпы "Таза Қазақстан" акциясы аясында Әулиеата өңірінде ауыз толтырып айтарлықтай бастамалар қолға алынған. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

Қанатбек Қайшыбекұлы қоқысты кәдеге жарату мәселелері жөніндегі отырыста
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2024 жылдан бастап "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы бастау алды. Экологиялық акция шеңберінде облысымыызда "Таза өлке", "Киелі мекен", "Жасыл аймақ", "Өнегелі ұрпақ", "Мөлдір бұлақ" акциялары өткізілді.

Акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 137,5 мың аула мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 30 875 тонна қоқыс шығарылып, 60 мыңға жуық көшет отырғызылды. Жалпы 1 110 бірлік техника жұмылдырылды.

Қанатбек Қайшыбекұлы
Қанатбек Қайшыбекұлы. Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл 15 наурыз - 20 сәуір аралығында облыс аумағында TazaLike акциясын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары облыс әкімімен бекітілді. Жалпы облыс деңгейінде 15 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде жасыл желектерді отырғызуға қатысты 7 акция өткізілетін болады. Іс-шара жоспарына сәйкес 15 наурыз күні Тараз қаласы мен барлық ауданда жаппай сенбілік ұйымдастырылып, мектеп оқушыларымен "Болашақты бірге отырғызамыз" акциясы өтіп, 28,9 мың тал ағашы отырғызылды.

Қанатбек Қайшыбекұлы қоқысты кәдеге жарату мәселелері жөніндегі отырыста
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл шараға барлық 381 мектептен 47,8 мың оқушы қатысты. Сонымен қатар Тараз қаласында Jambyl Cement компаниясымен 3,6 мың көшет, "Тараз металлургиялық зауыты" тарапынан 10 мың көшет және "Qazaq Soda" компаниясымен Сарысу ауданында 27 мың көшет отырғызу жоспарланған. Сондай-ақ "Жасыл белдеу" өңірлік жоспарына сәйкес Тараз қаласы мен аудандарда 195 мың жасыл желек отырғызылатын болады", - дейді Қанатбек Қайшыбекұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2229321-tarazda-taldardy-tsifrlandyru-zhumystary-zhurgizilip-zhatyr/