jitsu gif branding logo appbranding logo app

Енді Қазақстан мектептерінде буллингке қарсы команда құрылады

мектеп
Мектеп. Көрнекі фото: pexels.com

Енді еліміздің мектептерінде буллингке қарсы команда құрылады. Мектеп әкімшілігі, оқушылар, ата-аналар бірлесіп жасөспірімдер арасындағы әлімжеттікті азайту мақсатында арнайы шаралар жүргізуді бастайды, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Ал қазір барлық мемлекеттік білім беру ұйымында ата-аналарға қолдау көрсету орталықтары бар. 108 мыңнан астам адам дәріске белсене қатысқан.

Сонымен қатар оқушылар арасында "Адал азамат" идеясына негізделген 6 жоба аясында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда бұл жобаларға 4 миллионға жуық қазақстандық жасөспірім қатысуда. Жауапты министрліктің мәлімдеуінше, бұл бастама оқушылар білімде үздік, адамгершілігі жоғары тұлға болып қалыптасуға ықпал етеді.

"Интернеттен көргендерін іс жүзіне асыруға тырысатын балалардың санасы сондай әлсіз. Біз оларға қорған болуымыз керек. Жалпы мектептерде тәрбие жұмысы тіптен болмады деп айтуға болмайды. Болды. Бірақ жүйелендіріп, біріздендіріп, белгілі бір құндылықтарға бағыттау – біздің басты мақсат", - дейді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.