jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Академик Асқар Жұмаділдаевтың анасы дүниеден озды

академик
Асқар Жұмаділдаев. Фото: sdu.edu.kz

Президент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы вице-президенті, академик, SDU University Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Асқар Жұмаділдаевтың анасы дүниеден өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғары оқу орнынының баспасөз қызметі Facebook желісінде Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаевтың ардақты анасы дүниеден өтуіне байланысты ғалымның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

"Ананың орны әрқашан бөлек, оның мейірімі мен қамқорлығы, өмірлік ақылы мен тәлімі ұрпағының жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз.

Күлшат апамыз – алтын құрсақты, парасатты ана ретінде ұрпақтарына өнегелі өмірінің жарқын үлгісін қалдырды. Ол өз бойындағы еңбекқорлық, мейірім мен шынайы махаббат қасиеттерін балаларына сіңіре білді. Бүгінде оның ұрпақтары – еліміздің дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген адал әрі еңбекқор азаматтар.

Осындай ауыр сәтте Асқар ағаға және жақын туған-туысқандарына сабыр мен күш-қуат тілейміз. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын", - делінген хабарламада.

Академик Асқар Жұмаділдаевтың анасы дүниеден озды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.