jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Мемлекетке құны 26,7 млрд теңге болатын бірегей көл қайтарылды

Мемлекетке қайтарылған Теке көлі
Мемлекетке қайтарылған Теке көлі. Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге болатын бірегей Теке көлін қайтарды. Бұл туралы СҚО прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство мемлекет басшысының тапсырмасы аясында прокуратура органдары пайдаланылмаған жерлерді анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатқанын атап өтті.

Құзырлы органның мәліметінше, 2020 жылы ас тұзын өндеуге арналған келісімшарт шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жер қойнауын пайдаланушыға жалпы ауданы 21,5 мың га Теке көлін бергені анықталған.

Дегенмен, 2022 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылуына қарамастан, уәкілетті орган жер кодексінің талаптарына қайшы, екі жылдан астам уақыт бойы сотқа дейінгі тәртіппен шартты біржақты бұзу жөнінде шаралар қабылдамаған, бұл су қорының жерлерін мақсатсыз пайдалануға әкелген.

Бұдан бөлек, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекстің талаптарына қарамастан, шаруашылық жүргізуші субъектісі құзыретті органның ресми сайтында жер қойнауын пайдаланушылардың тізілімінен алынбаған.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының қабылдаған шараларынан кейін жер учаскесін жалдау шарты сотқа дейінгі тәртіппен біржақты бұзылып, кадастрлық құны 26,7 млрд теңге болатын жалпы ауданы 21,5 мың га ащы тұзды Теке көлі мемлекет меншігіне қайтарылған.

"Құзыретті органның интернет-ресурстарындағы мәліметтер сәйкестендірілді, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабардар етті прокуратура өкілдері.

Мемлекетке құны 26,7 млрд теңге болатын бірегей көл қайтарылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.