jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Шымкентте сакура ағаштары гүлдеді

сакура ағашы
Сакура ағашы. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте сакура ағаштары гүлдеді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, Шымкент көшелеріне көрік берген сакура ағаштарын былтыр қараша айында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков отырғызған. Бүгінде 25 түп сакура бүршік жарған.

Жапон мәдениетінің символына айналған ағаштар "Журналистер" аллеясына, Назарбаев даңғылының бойына, Атлант сауда үйінің маңына, Сайрам және Жібек жолы көшелеріндегі гүлзарға отырғызылған.

"Биіктігі 4-5 метрге жететін сакуралар қаланың сәнін келтіріп қана қоймай, экожүйені жақсартуға да ықпал етеді.

Сакуралардың тамыры тереңге бойлап, бұтақтары жайқалып өсуі үшін тұрақты күтім жасалып, суару жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстар қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бақылауында", - дейді әкімдік өкілдері.

Шымкентте сакура ағаштары гүлдеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.