jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда есімі Наурызбен байланысты қанша полицей жұмыс істейді: ІІМ қызықты мәліметті ұсынды

полиция қызметкері
Полиция қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ішкі істер министрлігі қызықты мәліметті ұсынды. Қазақстандық полиция қатарында есімі Наурызбен байланысты 119 тәртіп сақшысы қызмет етеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, есімі Наурызбен байланысты 119 полицейдің төртеуі әйел адам. Ал ең көп қойылған есім – Наурызбай.

  • Наурызбай – 55;
  • Наурызбек – 41;
  • Наурыз – 12;
  • Наурызгүл – 4;
  • Наурызхан – 3;
  • Наурызғали – 2;
  • Наурызжан - 1;
  • Бекнаурыз – 1.

"Балаға ат қою рәсімі қазақ мәдениетінде әрдайым маңызға ие. Адамның есімі оның тағдырымен, болашағымен тікелей байланысты деген ұғым да бар. Ат тарихи оқиғалар мен тұлғаларға ғана арналып қойылмайды. Ол табиғи құбылыстарға, ата-ананың тілек-сеніміне қарай таңдалуы мүмкін. Бұл статистика Наурыз дәстүрлері мен мәдениетінің заманауи Қазақстанда нығайып келе жатқанын айқын көрсетеді", - деп жазады ақпараттық медиа-портал.

Қазақстанда есімі Наурызбен байланысты қанша полицей жұмыс істейді: ІІМ қызықты мәліметті ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.