jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қазақстанның үш облысында үш республикалық маңызы бар жол жабылды

Жол
Жол. Көрнекі сурет: pixabay.com

Еріген қар суларының салдарынан Қазақстанның үш облысында үш республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"2025 жылғы 22 наурыз сағат таңғы сегіздегі жағдай бойынша еріген қар суларының салдарынан үш облыстағы үш республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.

Шектеу қойылған жолдар:

  • Ақтөбе облысы:

- "Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

  • Қостанай облысы:

- "Мариновка ауылына кіреберіс" автожолының 9 шақырым аралығы.

  • Солтүстік Қазақстан облысы:

- "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Барлық учаскеде айналма жолдар қарастырылған. Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 105 арнайы техника мен 158 маман жұмылдырылды.

Қазақстанның үш облысында үш республикалық маңызы бар жол жабылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.